БАС МҮФТИ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЛАН ҰРАНХАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

15 тамыз 2024 1243 0
Оқу режимі

Абай облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы іссапар кестесіне сай аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевпен кездесті.

Өңір басшысы Нұрлан Тельманұлы қонақтарды жылы қабылдап, аймақта атқарылып жатқан рухани бағыттағы жұмыстарды атап өтті. Оның бірі дн бірегейі имамдардың білімін жетілдіретін орталықтың салынуы. Әкім өз сөзінде жаңа орталық келер жылы пайдалануға беріледі деді.

Бас мүфти аймақ басшысына ілкімді істерге қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді. Жаңадан құрылған облыс орталығындағы мешіттер мен діни сауат ашу орталығының ашылуы да сөз болды.

Сонымен қатар Діни басқарма төрағасы тарихы ғасырдан асатын көне мешіттерді сақтау, тарихи жәдігер ретінде қарау туралы ұсынысын айтты. Одан бөлек зират және зиярат, ас беру мәдениеті, жаңадан ашылған сауат ашу орталығының тынысы туралы да айтылды.

Кездесу соңында тараптар рухани бағыттағы жобаларды толық қолдайтынын жеткізді.

 

 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру