Бас мүфти Алматыда жұма намазын жүргізді (ФОТО)

28 мамыр 2021 2632 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы «Аманқұл ата» мешітінде жұма намазын жүргізді.

Қабірді зиярат етудің әдебі мен мәдениеті жайында хұтба оқыған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ислам – құлшылық пен тіршілікті тең ұстауға бұйырған дін. Ислам діні осы дүниені ақыреттің егін алқабы ретінде қарастырып, соған сай әрекет етіп, тек қана жақсылық жасауға, күнәлі істерден бойды аулақ ұстап, ақырет азығын жинауға шақырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған едім. Енді зиярат етулеріңе болады» деген. Осы ретте жамағатты зиярат етуде Ислам әдебін сақтауға шақырамын» деді.

Айта кетсек, Діни басқарма имамдар форумында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдаған болатын. Құжатты қабылдаудағы мақсат – халыққа зират көтеру мен зиярат жасаудың ортақ әдебі мен мәдениетін насихаттау.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру