БАС МҮФТИ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында өңір басшысы Серік Шәпкеновпен кездесті.
«Бүгін Ракуш ауылында 1000 адамдық «Ықылас» мешітінің салтанатты ашылуы өтіп, Атырау облысындағы мешіт саны 44-ке жетті. Облыстағы мешіттерімізде 111 дін қызметкері жұмыс істейді. Оның 13-і – бас имамдар, 53-і – наиб имамдар. Облыстағы осы 111 дін қызметкерінің 40 пайызға жуығы – жоғары діни білімді мамандар. Біздің ендігі міндет – орта білім алған имамдардың білімін жоғары деңгейге көтеру» дей келе Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың баянды бастамаларына айрықша қолдау білдіріп келе жатқаны үшін өңір басшысына алғыс айтты.
Кездесу соңында Бас мүфти мен облыс әкімі аймақтағы діни ахуалды талқыға салып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі