БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ЕРІКТІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТЫП, БАТАСЫН БЕРДІ (ФОТО)

11 сәуір 2024 1171 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауға барған жұмыс сапары кезінде еріктілермен кездесіп, алғысын айтты.

Еріктілерге батасын берген Бас мүфти: «Ел мен жер – баршамызға аманат. Өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қоя білген адам ғана нағыз ерікті бола алады. Шынайы ниетпен ортақ мүдде жолында қызмет етіп жатқан әрқайсыңызға риясыз ниетпен алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Отбасыларыңызға амандық, бірлік пен татулық тілеймін. Жаратушы Иеміз еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан аман еткей. Осы сынақтың соңы жақсылыққа ұласқай. Әмин» деді.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның еліміз бойынша 1200 еріктісі халықпен бірге ортақ мүдде жолында еңбек етуде. Оларға мүфтият атынан күнделікті ыстық тамақ берілуде.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру