БАС МҮФТИ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

28 маусым 2024 1052 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі және діни саладағы журналистерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні мерекесімен құттықтады.

«Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ел игілігі жолындағы жұмыстарыңызға береке тілеймін. Халқымызды бірлік пен игілікке, ізгілік пен имандылыққа ұйытуда ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі айрықша. 

Бүгінде Діни басқарма ақпарат саласындағы жұмыстарын уақыт өткен сайын жандандырып келеді. Біз санаулы мерзім аралығында мүфтияттың төл телеарнасы – Munara TV телеарнасын, медиа орталығын, тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығын, Munara FM радиосын аштық. Бүгінде мүфтиятқа қарасты 26 сайт пен 1121 әлеуметтік желідегі парақшаларымыз жедел ақпарат тарату ісінде белсенділік танытып келеді.  

Мен осы ретте біздің игі бастамаларымызға ақпараттық қолдау көрсетіп, ізгіліктің жаршысы болып жүрген журналистерге өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан айрықша алғысымды, риясыз ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!» делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауында.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру