Бас мүфти барша дін қызметкерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (ФОТО)

15 желтоқсан 2020 3884 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай онлайн режимде жиналыс өткізді. Жиналысқа ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері мен облыс имамдары қатысты.

Мәжілісте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ қызметкерлерін тәуелсіздік мерекесі күнімен құттықтап: «Баршаңызды Алла Тағаланың халқымызға берген теңдессіз сыйы – тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мерекеміз құтты болсын! Отбасыларыңызға бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін.

Халқымызда «Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті» деген нақыл сөз бар. Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміздің арқасында мешіттеріміз ашылып, медреселеріміз бой көтерді. Құрбан айт құрметіне демалыс жарияланып, құлшылық жасауға еркіндік алдық. «Тәубенің зоры – Тәуелсіздік» деген тәлімді сөздің тағылымы осында жатса керек. Алла Тағала еліміздің өркендеуі мен жеріміздің көркеюі жолында ауызбіршілік танытуда баршамызға табандылық пен тұрақтылық нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!» деген мерекелік лебізін жеткізді.

Жиналыс соңында облыстың бас имамдары мерекелік тілегін арнады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру