БАС МҮФТИ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ МЕН КӨРМЕДЕ (ФОТО)

10 қаңтар 2024 1548 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігіне барған сапарында Жидда қаласында басталған Қажылық және ұмра қызметтеріне арналған халықаралық конференцияға қатысып, көрмені арнайы аралады.

Халықаралық көрмеге қажыларға заманауи үлгіде қызмет көрсетуге арналған ақпараттық технологиялар, тиімді көлік, кәсіби медициналық көмек, сапалы тамақ пен цифрлық қызмет түрлері, сонымен қатар қонақ үй индустриясын дамытуға арналған озық үлгідегі қажетті технологиялық құралдар қойылған.

Сондай-ақ көрмеде қажылардың танымы мен мәдениетін байытуға арналған қызмет түрлері де ұсынылған. Қажылық көрмесін аралаған Бас мүфти бастаған делегация мүшелері тиісті компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде екіжақты келісім-шарт құжаттарына қол қойды. ҚМДБ Төрағасы Қажылық миссиясына нақты тапсырмалар берді.

 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру