Бас мүфти ел мұсылмандарын ең кемінде 100 истиғфар мен салауат айтуға үндеді (ВИДЕО)

02 сәуір 2020 8951 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барша мұсылман қауымын Аллаға дұға етіп, ең кемінде 100 истиғфар және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырып, арнайы Үндеу жолдады.

«Барша жамағатты осы үндеуді қолдап, еліміздің амандығын сұрап, жұқпалы дерттен тезірек айығу үшін 3 сәуір жұма күні, бесін намазынан кейін «100 истиғфар және 100 салауат» немесе одан да көбірек айтып, дұға жасауға шақырамыз. Жаратқан Алла халқымызға амандық берсін, науқас жандардың тезірек айығып кетуін және мешіттерімізге қайта қауышуды нәсіп етсін. Әмин!» делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ел мұсылмандарына жолдаған Үндеуінде. 

1. Истиғфар
Айтылуы:  أسْتَغْفِرُ اللهَ العَظِيمَ وَأتُوبُ إلَيهِ
Оқылуы: «Астағфируллаһ әл-азим уә әтубу иләйһ».
Мағынасы: «Ұлы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және Оған тәубе етемін».

2. Салауат
Айтылуы: أللهُمَّ صَلِّ علىَ مُحَمَّدٍ وَ علَى آلِ مُحمدٍ
Оқылуы: «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әәли Мухаммәд».
Мағынасы: «Уа, Алла! Мұхаммедке және оның әулетіне салауат жолдай гөр».

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру