Бас мүфти Елордада жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты (ФОТО)

17 маусым 2021 4069 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты. Бас қаланың Байқоңыр ауданында бой көтеретін құлшылық ордасының құжаттары түгелдей әзірленіп, мешіт салуға 5,3 гектар жер телімі бөлінген екен. Сыйымдылығы 2 000 адамдық құлшылық ордасы жоспар бойынша 2022 жылдың соңынан таман пайдалануға берілуі тиіс.

Құрылыс алаңы басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жобасымен танысты. Жиылған жамағатпен бірге арнайы дұға жасап, құрбандық шалғаннан кейін Бас мүфти мешіттің қазығын қағып, бұл жерде бой көтеретін Алла үйінің ел игілігі жолында жемісті қызмет етуін тіледі.

Суреттердің толық нұсқасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру