БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯДАН КЕЛГЕН КЕҢЕСШІНІ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

14 қыркүйек 2022 2600 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің діни істер жөніндегі кеңесшісі Жан-Кристоф Посельді оның өтініші бойынша қабылдады.

Ортақ әңгімеге екі елдің байланысы арқау болды. Кеңесші Бас мүфтидің жылы шыраймен қабылдағанына ризашылық білдірді.

ҚМДБ Төрағасы көп ұлт пен ұлысты Қазақстанда халық ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқанын, сондай-ақ Қа­­зақ елінің әлемде бейбітшілік сүйгіш және дін­дераралық достық ордасына айналғанын тілге тиек етті. Бас мүфти Діни басқарманың сан-салалы қызметі мен ел мұсылмандарының тыныс-тіршілігі жайлы әңгімеледі. Халқымыздың 70 пайыздан астамы дәстүрлі ислам дінін, оның ішінде Имам Ағзам – Әбу ханифа мазһабын ұста­натындығына тоқталды. Сондай-ақ, ол респуб­ликадағы мешіт-медреселердің жұмысы туралы хабардар етті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру