Бас мүфти Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс XXVII мәжілісіне қатысты (фото)
04 қараша 2020
4031
0
Оқу режимі
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Ғұламалар Кеңесінің кезектен тыс XXVII мәжілісі өтті.
Жиында ҚМДБ 2020-2025 жылдарға арналған даму стратегиясы құжаты, «Дін қызметкерінің киім кию тәртібі, сөйлеу мәдениеті және БАҚ этикасы», «Дем салу» ережесі сынды маңызды құжаттар талқыланды.
«Өздеріңізге белгілі Ғұламалар Кеңесі шариғатымыздың негізіне сүйене отырып, қоғамдағы мұсылман қауымы арасында туындап отырған көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шешімдер шығарып, пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды» - деді кеңес отырысында Бас мүфти.
Отырыста кеңес мүшелері 3 концептуалды құжатты талқылап бекітті.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру