БАС МҮФТИ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

24 қазан 2023 1067 0
Оқу режимі

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы жиналыс өткізіп, Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай өтетін І халықаралық Құран жарысының дайындық жұмыстарымен танысты.

Жиналыста ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев халықаралық іс-шара қарсаңында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап өтті. 2023 жылдың 1-2 қараша күндері Астана қаласында ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте тұңғыш рет өтетін халықаралық Құран жарысына Индонезия, Иран, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабия Корольдігі, Мысыр Араб Республикасы, Түркия, Ресей, Кувейт, Гвинея сынды 26 елден келетін қарилар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды. Халықаралық Құран жарысына Түркия, Мысыр Араб Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан Республикасынан келетін әлемге танымал, тәжірибелі қарилар қазылық етпек.

Еске сала кетейік, екі күнге созылатын Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру