- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бас мүфти карантин кезінде кімдерге ораза ұстамаса болатынын айтты (ФОТО)
Бас мүфти карантин кезінде кімдерге ораза ұстамаса болатынын айтты (ФОТО)
14 сәуір 2020
5608
0
Оқу режимі

Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде кімдерге ораза ұстамаса болатынын мәлімдеді.
«Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді», - деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram
Пікірлер
Кіру