Бас мүфти мал бағасын шарықтатпауға шақырды (ФОТО)

09 шілде 2022 2892 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы   мал базарын аралап, шаруа қожалығы иелерін бағаны қолдан негізсіз шарықтатпауға шақырды.

«Әрине, еңбектің жемісін көруді қалаймыз. Алайда бұл қалау бағаны қолдан қымбаттатып, басты мақсат пайдаға кенелу болмауы керек. Аллаға жақындау ниетімен құрбан шалуға келген халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, мал бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Сонда сіздер де осындай игі амалдарыңызбен Аллаға жақындай түсесіздер», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти шаруалардың еңбегіне береке тілеп, дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру