БАС МҮФТИ «МӘУЛІТ СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
26 тамыз 2026
46
0
Оқу режимі
Бүгін Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Мәуліт сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында Бас мүфти жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттаудың және қайырымдылық жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Шара аясында «Әлжан ана», «Ар-Рахман», «Көктал» және «Әс-Сәлам» мешіттері арқылы 150-ге жуық отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Бас мүфти игі шараның берекелі болуын тілеп, қайырымдылық бастамаларының жалғаса беретінін жеткізді.
















Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру