БАС МҮФТИ МОҢҒОЛИЯДА ҚҰРЫЛТАЙ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

18 шілде 2024 1120 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей аймағының Азаматтық өкілдері құрылтайының төрағасы Қабыл Шәріпұлымен кездесті. Кездесуде екі елдің байланысы сөз болды.

«Кезінде тағдырдың жазуымен тарыдай шашылған қазақ баласы Қазақстан егемендігін алғаннан кейін атажұртқа ағылды. Ұлы көштің басында Моңғолиядағы қандастарымыз тұрды. Алғашқы лекпен келген бауырларымыз бүгінде өркен жайып, өсіп-өніп отыр. Олардың арасында елімізді дамытуға зор үлес қосып жүрген білімді, білікті азаматтар көп. Олардың қатарында Моңғолиядан келген қаншама қандасымыз діни салада елдің игілігі мен дініміздің өркендеу жолында аянбай қызмет етіп келеді. Баян-Өлгейдегі қазақтарды, имамдарды қолдау мақсатында арнайы келдік» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Баян-Өлгей аймағының Азаматтық өкілдері құрылтайының төрағасы Қабыл Шәріпұлы Бас мүфтидің сапарына сәттілік тілеп, игі бастамаларына ниеттестік танытты.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру