Бас мүфти «Науан хазірет» мешітінде жұма уағызын айтты (ФОТО)

18 ақпан 2022 3778 0
Оқу режимі

Бүгін Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Көкшетау қаласының орталық «Науан Хазірет» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

Бас мүфти ең алдымен дін мен дәстүрге берік болу, иманды сақтау, ұлтты сүю жөнінде насихатын жеткізді.

«Бізді жоқтан бар еткен Жаратқанның бұйрығын орындау – баршамызға міндет. Оның елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен аманатқа барынша қиянат жасамауға тиіспіз. Абай атамыз «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» деген. Ендеше сіз бен біздің Аллаға шүкіршілігіміз көп болуы қажет. Бізге Алла Тағала тәуелсіздікті берді. Бұрынғы дәстүр, ғұрпымыз қайта оралды. Мешіттеріміз есіктерін айқара ашты. Сондықтан осынау байтақ даламызды көздің қарашығындай сақтап, бірлігімізді бекем ұстайық», – деді Бас мүфти.

Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы бұдан бөлек ғайбат тақырыбында да уағыз айтып, жамағатпен бірге жұма намазын оқыды. Арнайы құран аяттары оқылып, ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасалды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру