Бас мүфти Қарағанды облысының имамдарымен кездесті (ФОТО)

25 мамыр 2021 3281 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысының қарасты имамдарымен кездесті.

Кездесуде имамдардың жұмыс жоспары, жұма уағыздары, діни білімді жетілдіру, жат ағыммен жұмыс істеу секілді бағыттар талқыланды.

«Төралқада бағдарламалық баяндама жасадым. Бағдарламада негізінен жеті бағыт бойынша жұмыс істейтінімізді жария еттім. Қазір осы бағыттар бойынша қаншама шаруа атқарылды. Алдымен ақпарат, насихат жұмыстарына көңіл бөлдік. Дін насихаттан тұрады. Сондықтан ҚМДБ көрсеткен әр бағыт бойынша сапалы жұмыс істеуге шақырамын. Қазір Ихсан ілімін терең тарату ісі алға шықты. Мұны мемлекеттік деңгейде насихаттап жатырмыз. Құрметті имамдар, қайырымдылық, жат ағыммен күрес, дін насихатындағы ілкімді істеріңізді Алла сауаптан жазсын!» деді Бас мүфти.

Жиын барысында имамдар сауал жолдап, пікір алмасты. Кездесу соңында Бас мүфти облыс, қала имамдарына нақты тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, кездесу барлық санитарлық талаптарға сай өтті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру