Бас мүфти «Қажылық орталығын» ашуды тапсырды (ФОТО)

25 ақпан 2020 3895 0
Оқу режимі

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста ҚМДБ-ның облыстық өкілдіктерінде «Қажылық орталығын» ашу туралы мәселе талқыланды.

Бұл орталықтың қажылық маусымында ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіні сөз болды.

«Облыстық өкілдіктер жанынан «Қажылық орталығын» ашуды тапсырамын. Көп жағдайда қажыға барушылар арасында рухани сапардың маңызы мен қажылық рәсімдерін білмейтіндер кездеседі. Сондықтан осындай жандар үшін арнайы мамандар бекітіліп, аталған орталықтарда түрлі семинарлар ұйымдастырып, қажылық рәсімі мен Алла үйін зиярат етудің тәртібі түсіндірілуі қажет. Қажылықтың сауабы туралы да жан-жақты мәлімет берілуі керек. «Қажылық орталығы» осындай маңызды да сауапты істерге мұрындық болатын үлкен орталыққа айналуы тиіс», - деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұл бастамасына байланысты ҚМДБ-ның облыстағы өкілдіктеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру