БАС МҮФТИ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

21 наурыз 2024 1616 0
Оқу режимі

Республика көлемінде өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі қарсаңында 21 Наурыз – Ынтымақ күніне орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Құранды хатым етіп, елдің бірлігі үшін дұға жасады.

«Уа, Алла Тағала! Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бере гөр! Отанымызға, халқымызға ауызбіршілік, ынтымақ бергейсің! Қасиетті Рамазан айындағы құлшылық-ғибадаттарымызды, ізгі амалдарымызды қабыл алғайсың! Және де осы оқылған Құран Хатым дұғасының сауабын өмірден өткен ата-бабаларымыздың, Алаш қайраткерлерінің, еліміздің дамуына ерен еңбегі сіңген азаматтардың рухына, сондай-ақ діни салада ізі қалған ғалымдарымыздың рухына бағыштаймыз. Әмин!» деді Бас мүфти.

Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы мүфтият ұжымына ынтымақ пен бірлік жөнінде насихат айтып, дін жолындағы, руханият саласындағы қызмет арқылы еліміздің дамуына үлес қосу керектігін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру