БАС МҮФТИ ШЕЙХУЛ-ИСЛАМ АЛЛАШҮКІР ПАША-ЗАДЕНІ КҮТІП АЛДЫ

03 қазан 2024 119 0
Оқу режимі

Бүгін елордаға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Заде келді.

Құрметті қонақты Астана халықаралық әуежайынан ҚМДБ Төрағасы қазақы дәстүрге сай күтіп алды. Әуежайда делегацияға дәм ұсынылып, мүфтилер өзара жағдай сұрасып пікір алмасты. Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы шақыртуын қабыл алып келген Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Задеге ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бүгін ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында Түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының V Мәжілісі өтеді. Алқалы жиында бірқатар құжаттар қабылданып, Бас мүфтилердің өзара жеке кездесулері өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, бүгін «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру