Бас мүфти Шөмішбай Сариевтің туыстарына көңіл айтты

15 ақпан 2021 2600 0
Оқу режимі

Елімізге белгілі ақын, ел сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің сөзін жазған қарымды қаламгер Шөмішбай Сариев дүниеден өтті. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

«Шөмішбай ағамыз өмірде ол кісі ақындығымен де, ғалымдығымен де, ағалық қасиетімен де, қарапайым азамат ретінде де айналасына сыйлы, құрметті ғұмыр кешті. Қазақ әдебиетін өзінің лирикалық өлеңдерімен байытса, қазақ әндерінің қатарына ел сүйіп тыңдайтын талай танымал әнді дүниеге әкелді. Артына мол мұра қалдырып, «Аллам берген махаббат, Сол сезіммен сүйемін» деп өзі жазғандай, сезім қылын шертетін тағылымды туындыларын барша жырсүйер оқырманға, әнсүйер тыңдарманға арнады. Артына өшпес мұра қалдырған Шөмішбай ағамыздың шығармалары өміршең болып, ел есінде сақталады деген сенімдеміз. Алла ол кісінің ақыреттік жайын жәннаттан қылғай! Нұры пейіште шалқысын!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру