БАС МҮФТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

06 желтоқсан 2023 945 0
Оқу режимі

Астана қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият жанындағы шығармашылық топ мүшелерімен кездесті. Кездесуде жыл соңына дейін шығару жоспарланған бірқатар кітаптардың мазмұны талқыланды.

«Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін MUFTIYAT баспасынан «Табыс теориясы (мұсылман мотивациясы)», «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар», «Жаннатпен сүйіншіленген 10 сахаба», «Пайғамбар хадистері мен қазақ мақал-мәтелдері», «Құрбандық пәтуалары», «Сопылық сыры», «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Пәтуалар жинағы IV», сынды бірқатар кітап жарық көрді. Енді баспа саласы бойынша алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі – «Ислам энциклопедиясының» І, ІІ, ІІІ томдарын, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр ІІІ», «Ерекше көркем есімдер», «Ойсалар оқиғалар», «Ислам және ізгі қоғам» т.б. кітаптарды шығару. Алла қаласа, бұл міндетті де абыроймен атқарып шығамыз деген сенімдемін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиында шығармашылық топ мүшелері Бас мүфтиге өздеріне жүктелген жұмыстар жайлы баяндап берді. Басқосу соңында ҚМДБ Төрағасы мұсылман жамағаты үшін маңызды болған еңбектерді жоспарланған мерзімде шығаруға назар аударып, нақты тапсырмалар берді.

​Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру