Бас мүфти «Таза әлем» республикалық тазалық акциясына қатысты (ФОТО+ВИДЕО)

14 қазан 2020 4604 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республика көлемінде өткен «Таза әлем» тазалық акциясына қатысты. 

Игі шараны Діни басқарманың Жастар ісі секторы «Рухани келісім күніне» орай ұйымдастырса, еліміздің барлық өңіріндегі өкілдіктер бір мезетте акцияға үлес қосты. Атап айтқанда, имамдар мен дін қызметкерлері, мешіттердің ерікті жамағаты мен жастар атсалысқан акцияда өңірлердің көрікті жерлеріне, мешіттер маңына тазалық жұмыстары жүргізілді. 

– Бүгін ҚМДБ-ның Жастар ісі секторы «Рухани келісім күні» аясында республикалық тазалық акциясын өткізіп отыр. Хадистерде «Алла Тағала – таза және таза болғанды жақсы көреді» делінген. Әрине рухымызды, тәнімізді таза ұстау – мұсылманшылық міндетіміз. Сонымен қоса табиғатты аялау, оны таза ұстау да – мұсылманның міндеті. Сондықтан бүгінгі шара –Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жалғастырудың бір көрінісі. Алла Тағала ниетімізді қабыл еткей! – деді Бас мүфти. 

Айта кетейік, «Таза әлем» республикалық тазалық акциясына еліміздің түкпір-түкпірінде 500-ге жуық ерікті жастар қатысты.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру