Бас мүфти Тәжікстан мүфтиімен телефон арқылы сөйлесті

05 мамыр 2021 2573 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тәжікстан Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзодамен телефон арқылы сөйлесті.

Бас мүфти Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болған шиеленісті жағдайды ауыр қабылдағанын, Қазақстан мұсылмандары да алаңдаушылық білдіргенін жеткізді. Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айында жамағатты ынтымақ-бірлікке шақырудың маңызды екенін атап өтті.

ҚМДБ Төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзоданы атақты Атлах шайқасының 1270 жылдығына орай өтетін халықаралық онлайн конференцияның құрметті қонағы болуға шақырды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру