Белгілі психолог «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына семинар өткізді (ФОТО)

27 қараша 2021 3192 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына арналған семинар тренинг болып өтті. Белгілі психолог Айсұлу Қалағанова «Өзімді бағалайын» тақырыбында насихат айтып, әйел жамағатына психологиялық кеңестерімен бөлісті.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан өкілдігі Әйел-қыздар секторы және «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен мұндай семинарлар жиі өткізіліп тұрады. Әйел жамағатының діни білімін ғана арттырып қоймай, түрлі ғылым саласының мамандарын арнайы шақырып, кездесу өткізудің пайдасы зор дейді мешіт ұстаздары. Осы орайда кешегі кездесудің қонағы ретінде психолог маман арнайы шақырылған.

Адамның өзіне деген сенімділігі, нәпсімен күрес шаралары, өзін өзі дұрыс бағалау секілді тақырыптар бойынша дінмен байланыстыра тұшымды дүниелер айтқан психолог ханымның кеңестерін қатысушылардың кейбірі жазып алып та жатты. Кездесу соңында Айсұлу Қалағановаға жамағат атынан алғыс айтып, ізгі лебіздерін білдірді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру