«Берекелі отбасы» республикалық байқауы жарияланды

09 сәуір 2020 7336 0
Оқу режимі

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы мәлімет
    • «Берекелі отбасы» атты байқау (ары қарай – Байқау) Республикалық ашық отбасылық байқау болып саналады;
    • Байқау үш турдан тұрады;
    • Байқау 2020 жылдың 9 және 30 сәуір аралығында өтеді.
  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
    • Отбасылық құндылықтарды насихаттау;
    • Дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау;
    • Қасиетті Рамазан айына дайындық.
  1. Байқауға қатысу талаптары:
    • Байқауға Қазақстан аумағында тұратын кез-келген отбасы қатыса алады;
    • Байқауға қатысуға ниетті әр отбасы ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтындағы байқау ережесімен танысып, осы жылдың 17 сәуіріне дейін berekeli-otbasy@mail.ru поштасына жазбаша өтінім жолдауы қажет (өтінімді жүктеу).
    • Сондай-ақ, ереженің 4-тармағына сәйкес І, ІІ, ІІІ турға қатысатын отбасылық еңбектерін осы жылдың 17 сәуіріне дейін отбасы мүшесінің бір инстаграм парақшасына ғана жүктелуі керек;
    • 17-30 сәуір аралығында әр отбасының өз парақшаларына #берекеліОтбасы хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктелген материалдары көрермен назарына ұсынылады, ең көп лайк жинаған отбасы жеңімпаз атанады.
  1. Байқаудың өту тәртібі:

І-тур – «Менің отбасым»:

  • Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптармен сүйемелденген 2-3 минуттық видео арқылы өздерін, отбасының ерекшеліктерін таныстырып, инстаграмға #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен жүктейді;
  • «Берекелі отбасы» тақырыбында отбасының ортақ бір суретімен отбасы құндылығы мен шаттығы туралы пост жазып, жариялап, #берекеліОтбасы1тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграм парақшасына жүктейді.

ІІ-тур – Үй тапсырмасы:

  • Отбасы атынан баланың қолымен «Біздің сүйікті мешітіміз» атты сурет салып, қысқаша сипаттамасын (қай жерде орналасқан, неше адамдық, аптасына неше рет барып тұрасыздар, осы мешітпен қандай қызықты сәттер байланыстырады т.б) жазып, #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;
  • Отбасы мүшелерінің Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен кезектесіп үзінді оқу көрінісін (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы2тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді;

ІІІ-тур – Берекелі Рамазан:

  • Отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен «Жарапазан» айтып (2-3 минуттық видео) #берекеліОтбасы3тур хэш-тегімен және @muftiyatkz тэгімен инстаграмға жүктейді.
  1. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:
    • Отбасы мүшелерінің инстаграм парақшасына жүктелген еңбектерінің көрермендер көзайымына ие болып, ең көп лайк жинаған қатысушы отбасы жеңімпаз болып табылады;
    • І орын алған отбасыға (4 адамға) отандық шипажайға жолдама;
    • ІІ орын алған отбасыға тоңазытқыш;
    • ІІІ орын алған отбасыға үлкен плазмалық теледидар;
    • Сондай-ақ, 5 отбасыға ынталандыру сыйлығы беріледі.
  1. Қосымша мәліметтер алу үшін

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру