«Берекелі Рамазан» дастарханына боксшылар шақырылды (ФОТО)

17 мамыр 2019 7161 0
Оқу режимі

Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Берекелі Рамазан» дастарханына еліміздің атын әлемге танытып, көкбайрағын желбіретіп жүрген боксшылар қауымы шақырылды. Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев бастаған темір жұдырықты жігіттер ақшам намазынан соң «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосып, «Берекелі Рамазан» дастарханынан ауыз ашты.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев құрметті қонақтарды қарсы алып, боксшы жігіттермен бірге берекелі отырыс өткізді. Дастархан басында Рамазан айының қадір-қасиеті жайында, асыл дініміздің қағидалары мен нығметтері жайында уағыз айтылып, қонақтардың көкейде жүрген көптеген сауалдарының түйіні тарқатылды. Әсерлі әңгіменің желісі үзілмей, дастархан басынан қимай тұрған қонақтар бұдан соң Бас мешіттегі тарауих намазына қатысып, құлшылықтарын жалғастыра түсті.

Айта кетейік, «Берекелі Рамазан» дастарханының келесі жолғы қонақтары  Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы аналар мен мұқтаж жандар болмақ.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру