Бір аптада 8 967 отбасыға көмек көрсетіп, 5 643 адамға бетперде таратты (ФОТО)

28 сәуір 2020 4205 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір апта ішінде 8 967 отбасыға көмек көрсетіп, 5 643 адамға бетперде таратты. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада қайырымдылық шарасын өзі бастап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, оларға насихатын жеткізген болатын.

Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Біз төтенше жағдай кезінде ақысыз демалысқа шыққан, көпбалалы отбасыларға, жалпы көмекке мұқтаж жанұяларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеміз. 9-16 сәуір аралығындағы есеп бойынша, бір апта ішінде 8 967 отбасыға көмек көрсетіп, 5 643 адамға бетперде тараттық. Осынау сауапты іске үлес қосқан барша дін қызметкерлері мен демеуші азаматтарға Алла разы болсын айтамыз.

     

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру