Бірінші наиб мүфти түркиялық делегацияны қабылдады (ФОТО)

22 мамыр 2019 5451 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия дін істері басқармасы Уақыпы қажылық және умра қызметтері есеп-қисап бөлімінің меңгерушісі Акив Ертекин бастаған делегациямен кездесті.Кездесуге Түркия елшісінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын, ҚМДБ Уақып және қайырымдылық бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов қатысты. 

Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда Бас мифти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен ҚМДБ Уақып және қайырымдылық бөлімінің ашылғанын атап өтті. Бұл бағытта түркиялық әріптестік байланысты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде тараптар уақып жұмыстарын жүргузу бойынша пікір алысты. Сонымен қатар, осы сала бойынша тәжірибе алмасуға уағдаласты.


 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру