Денсаулық сақтау министрі рамазан айының басталуымен құттықтады

13 сәуір 2021 2531 0
Оқу режимі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Министр «Отбасыларыңызға денсаулық, береке және келісім тілеймін. Жүректеріңіз нұрға, мейірімділікке, жақсылыққа үмітпен қарауға толсын, ал игі ойларыңыз бен істеріңіз мың есе өтелсін. Алдағы мұсылман ораза күндері рухани тазаруға, сенім мен өмірдің шынайы құндылықтарын түсінуге арналған» дей келе, дәрігерлердің ұсыныстарын орындауға шақырды. Әсіресе созылмалы аурулары бар, иммунитеті әлсіз, қарт адамдарға кез-келген асқынулардың алдын алу үшін абай болу керек керек екенін еске салды.

«Денсаулығының нашарлауына қатысты кішкене шағымдар болған кезде, оразаны тоқтатып, медициналық көмекке жүгінген жөн. Денені қатты сусыздануға ұшыратпау және теңгерімді диета ұстануға тырысу маңызды» деді Алексей Цой.

Сондай-ақ министр вакцинация ораза ұстауға қарсы емес және оны бұзбайтынын да атап өтті. «Екінші жылы бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті айды пандемия жағдайында өткізеді. Бірлескен Жұма намаздары алынып тасталды, ауызашар өткізуге шектеу қойылды. Біз осы сынақтардан түсіністікпен және шыдамдылықпен өтетінімізге және туыстарымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті ережелерді ұстанатынымызға сенімдімін. Ниеттеріңіз қабыл болсын!» деді ол.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру