«ДІН МЕН ДӘСТҮР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

30 наурыз 2023 2872 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дініміз бен ұлттық салт-санамызды ұштастырған көркем шығармалардың озық үлгілерін дәріптеу мақсатында «ДІН МЕН ДӘСТҮР» республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.

 

Мүшәйраның мақсаты:  

  • Сан ғасырлық тарихымыздағы дәстүрлі діннің орнын айшықтау;
  • Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттау;
  • ҚМДБ-ның биылғы бес жұмыс бағытының бірі «Дін мен дәстүр» бағытын жандандыру;
  • Ақындардың шабытын шыңдап, шығармашылық ізденісіне жол ашып, жаңа жырлардың жазылуына қолдау білдіру;

 

Мүшәйра шарттары: 

  • Мүшәйраға 2 өлең ұсынылады. Өлеңдер төмендегі тақырыптар аясында жазылуы керек:
  • «Дін мен дәстүр» (асыл дініміз бен ұлттық салт-санамыздың ұштасқанын жыр жолдарымен жеткізу т.б);
  • «Соңғы пайғамбар» (Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жыр арнау);
  • «Бес парыз – дініміздің діңгегі» (Ислам діні мұсылмандарға міндеттеген амалдар (иман, намаз, ораза, қажылық, зекет) жайлы өлеңдер);
  • «Тарих пен тұлға» (қазақ топырағынан шыққан дін ғалымдары (Ясауи, Сығанақи т.б) мен ұлт қайраткерлеріне (Бейбарыс сұлтан, Абай хәкім т.б) арнау шығару);
  • Еркін тақырыпта жазылған өлеңдер.

 

Мүшәйраның талаптары: 

  •  Өлеңдер «Дін мен дәстүр» жыр мүшәйрасына деген белгімен қабылданады;
  • Мүшәйраға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, өлеңдерін iman@muftyat.kz электронды поштасына жолдауы қажет.
  • Мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, өлеңдер қазақ тілінде қабылданады.
  • Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады;
  • Өлеңдер Microsoft Word форматы түрінде (14 шрифт, 1,0 интервал, Times New Roman қарпі) жіберіледі.
  • Өлеңдерді қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінде басталып 2023 жылдың 10 тамызында аяқталады. 

 

Мүшәйра барысы:  

  • Мүшәйра жеңімпаздарын елге белгілі ақындар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.
  • Жеңімпаздар Мәуліт кешінде(нақты уақыты қосымша хабарланады) марапатталады.
  • Жеңімпаз авторлардың шығармалары республикалық «Мұнара» газеті мен muftyat.kz сайтында жарияланады.

 

Жүлде қоры: 

Бірінші орын – Ұмра қажылығына жолдама

Екінші орын – 200 мың теңге (екеу)

Үшінші орын – 150 мың теңге (екеу)

Бұдан бөлек 5 адамға ынталандыру сыйлығы (70 мың теңгеден) беріледі.

 

Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Ақпараттық қолдаушы: «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы  

Қосымша ақпарат үшін: +7(777) 203-96-65 (whatsapp)

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру