Діни оңалту бағыты аясында жұмыстар пысықталды
Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен өткен елорда имамдарының алқалы жиынында Діни оңалту бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, діни оңалту бағытына жауапты маман Рақымқазы Қабдысалым арнайы есеп беріп, аталған бағыт аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар мен нәтижелерді баяндады. Сонымен қатар, оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру, қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту және теріс ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.
Қала бас имамы ҚМДБ тарапынан жүктелген тапсырмаларды нақтылап, әрбір дін қызметкеріне жауапкершілікпен қарап, жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, халықпен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі