ДІНИ ОҢАЛТУ БАҒЫТЫНА ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

07 қыркүйек 2023 1243 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әл-Фаттах» мешітінде Діни оңалту бағытына жауапты елордалық дін қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті. Жиынға қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған дін қызметкерлері қатысып, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұловтың баяндамасын тыңдады.

Семинар барысында Хасан Аманқұлов мырза жиылғандарға Діни оңалту бағытының жұмыстарымен таныстырып, діни теріс ағымдағылармен қарым-қатынас жасау жолдарымен бөлісті. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жарық көрген құжаттардағы ережелерді де тағы бір мәрте талқылап өтті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру