Діни оқу-ағарту бағыты аясында жұмыстар пысықталды
Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен өткен елорда имамдарының алқалы жиынында Діни оқу-ағарту бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы жан-жақты қаралды.
Жиын барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, аталған бағытқа жауапты маман Махмұд Қасым баяндама жасап, осы салада жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ол діни кадрлардың біліктілігін арттыру, жүйелі білім беру үдерісін қалыптастыру, сондай-ақ жас мамандарды даярлау бағытында атқарылып жатқан іс-шараларды атап өтті.
Сонымен қатар, діни сауаттылықты арттыру, имамдардың кәсіби деңгейін жетілдіру және білім беру ісінде сапаны күшейту мәселелері қозғалды. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігі де ерекше айтылды.
Қала бас имамы ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмаларды нақтылап, әрбір дін қызметкеріне жүктелген міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Сондай-ақ, діни білім беру ісінде жүйелілік пен сапаны басты назарда ұстап, халықпен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі