Джакарта мешіттері мыңдаған жанға пана болуда
Индонезия астанасы Джакарта қаласындағы мешіттер қазіргі таңда мыңдаған жанға пана болуда. Ел астанасы мен қала маңындағы елдімекендер жаңа жыл мерекесі уақытында қатты нөсер астында қалып, су тасқынына тап болған еді. Жергілікті метерология бюросының мәліметтері бойынша Джакарта қаласының шығыс ауданында бір тәуліктегі жауын-шашын мөлшері 377 мм-ді көрсеткен. Бұл – Джакарта тарихындағы ең рекордты көрсеткіш болып отыр.
Айта кетейік, 2020 жыл басталмай тұрып Джакарта қаласынан 62 000 жан эвакуацияланған болатын. Баспанасыз қалған мыңдаған жан қазіргі кезде мешіттер мен басқа да құлшылық үйлерін паналап үстінде. Индонезия мешіттері кеңесінің төрағасы Х.Шафруддин барлық мешіттерді жұмыла көмек көрсетуге үндеді.
Тағы бір атап өтерлігі, Индонезия діни басқармасы елдегі мұсылман жамағатына күндері нәпіл намаз оқып, Жаратушыдан дұға тілеуін өтінген көрінеді.