Эфиопиядағы сахабалар жерленген мешітті қалпына келтіреді

06 қаңтар 2021 3269 0
Оқу режимі

Эфиопия билігі елдің Тыграй аймағында орналасқан Нәжаши мешітін қалпына келтіруге уәде беріп отыр. Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Халықтық құтқарушы фронт (TPLF) пен билік әскері арасында болған қарулы қақтығыс кезінде тарихи мешіт айтарлықтай зардап шеккен болатын. Қазіргі уақытта келтірілген зиянды көзбен көріп, шығын мөлшерін есептеу мақсатында арнайы техникалық топ жұмысқа кіріскен көрінеді.

Бір кездегі Эфиопия патшасы Нәжаши аты берілген бұл құлшылық ордасының аумағында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сахабалары жерленген. Тарихтан белгілі, мүшріктер азабынан қорғалап, бірнеше сахаба Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтуымен VII ғасырда Эфиопия жеріне  хижрет жасаған болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру