ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

22 маусым 2023 1823 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап құран бағышталып, дұға жасалады.   

Майданға Қазақстаннан 1,5 млн адам аттанып, оның 630 мыңы опат болды, 271 мыңннан астамы хабар-ошарсыз кетті. Көбінің артында ұрпағы да қалған жоқ. Сондықтан бұл Отан үшін шейіт болған боздақтардың алдындағы борышымыз.

«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанның барлық мешіттерінде бір мезгілде өткен шараға қала бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысып марқұмдар рухының шат, артында қалған ұрпақтарының салиқалы болуын тілеп, дұға жасады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру