«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: Қарт анаға баспана берілді

20 сәуір 2022 3064 0
Оқу режимі

Рамазан айының құрметіне Шымкент қаласының Құрсай мөлтек ауданында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 537-баспана табысталды.

Игі іс-шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Қанат Қыдырмин, шаһар бас имамының орынбасары Мұсабек Ақтамберді, қордың қалалық өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев және демеуші азаматтар қатысты.

Қанат Қыдырмин құттықтау сөз сөйлеп, жаңа пәтер кілтін жалғыз өзі бірнеше немересін бағып отырған баспанаға аса мұқтаж кейуана Жиде Қаратаеваға табыс етті. Сондай-ақ игі іске қаржылай қолдау көрсеткені үшін кәсіпкерлер Мейіржан Пернебайұлына, Дәурен Мұстафаұлына және Диас Үсенұлына алғысын білдірді. 

Үйдің іші толық бітіп, тұрмыстық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. 

Айта кетейік, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының ұйымдастыруымен жуық арада тағы бір үй пайдалануға беріледі.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру