ЕЛОРДА БАС ИМАМЫ «КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

20 сәуір 2023 2117 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті Рамазан айы басталғалы бері Елорда мешіттерінің жай-күйімен танысып, зиярат жасап келеді. Қала бас имамы осы жоспар аясындағы қадағалау жұмыстарын Астана маңындағы Көктал шағын ауданында орналасқан «Көктал» мешітіне барып, қорытындылады.

Ол мешіт бас имамы Ережепов Сәбит Әзімбекұлынан Рамазан айында өткізген шаралардың есебін тыңдап, алдағы мерекеге қатысты жоспарымен танысты. Айта кет­ейік, жарты жылдай уақыт бұрын есігін айқара ашқан «Көктал» мешітінде бір уақытта 500 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт шағын болғанына қарамстан түрлі мәдени-қоғамдық, қайырымдылық шараларын жиі өткізіп келеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру