ЕЛОРДА БАЗАРЛАРЫНДА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

28 маусым 2023 1646 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласында таңғы сағат 06.00-де айт намазы оқылып болысымен алдын ала белгіленген бес базарда құрбандық шалу рәсімі басталып кетті. Жаратушы Хақтың разылығын іздеген мұсылман жамағаты осы жерден құрбандығын таңдап, айт мерекесінің негізгі міндетіне кірісті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы да өз жұмысын бастап, qurban2023.kz сайты арқылы қашықтықтан тапсырыс берген жандардың құрбандықтары сойылып, етін өтініш білдірген мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, жеткізу жұмыстарына Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 100-ге жуық еріктілер және Елорда мешіттерінің жамағаты атсалысуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы арнайы базар басына барып, құрбандық шалуға жиылған жамағатпен жүздесті. Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ұлық мейрамның қадір-қасиетін айтып, жамағатты бұл күндері жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру