ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ «ДАРХАН ДАЛА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САМАРҚАНҒА БАРДЫ (ФОТО)

20 ақпан 2025 375 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған бір топ дін қызметкерлері «Дархан дала» жобасы аясында көршілес Өзбекстан Республикасына арнайы сапар шекті.

Рухани саяхат барысында олар Ислам өркениетінің алтын бесігі саналатын Самарқан қаласындағы қасиетті орындарды зиярат етті. Имамдар алдымен күллі мұсылман әлеміне танымал хадис ғалымы Имам әл-Бұхари кесенесі мен Қазыбекұлы Жабай әулиенің кесенесіне барып, Құран бағыштап, дұға жасады. Одан кейін тарих пен тағылым тоғысқан Гүр-Әмір кесенесіне аялдап, көне шаһардың рухани келбетімен танысты. Сапар барысында Самарқанның басты нышаны — Регистан алаңындағы Шердор, Тіллә-Қари және Ұлықбек медреселерін аралап, ғасырлар бойы сақталып келген сәулет өнерінің озық үлгілерін тамашалады.

Бұдан бөлек, дін қызметкерлері Ұлықбек обсерваториясы мен Хазрат Хизр мешітіне барып, Самарқанның терең тарихи-рухани мұрасымен жақын танысты. Сапардың соңында олар Бибі-Ханым мешітінде болып, еліміздің амандығы мен мұсылман үмметінің бірлігі үшін дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру