ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ МЕДИАЦИЯ МАМАНДАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ (ФОТО)
24 қазан 2025
1100
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы Татуласу орталығында дін қызметкерлерімен медиация бағыты бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында орталықтағы білікті маман Бейсембек Қойкелдіұлымен бірге қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, адамдар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты нығайту жолдары сөз болды. Әсіресе, имамдардың медиация саласында атқара алатын рөлі мен осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Медиация орталығының өкілдерімен бірге имамдардың бітімгерлік бағытында тұрақты түрде қатысу мүмкіндігін зерделеу жөнінде келісім жасалды.
Мамандардың айтуынша, бұл кездесу алдағы уақытта медиация саласындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті арттыруға зор ықпал етеді.



Пікірлер
Кіру