ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

27 қыркүйек 2025 829 0
Оқу режимі

Астана қаласының имамдары дәстүрлі сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қала көркін көркейтіп, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған игі іс-шараға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елорда имамдары атсалысты.

Сенбілік барысында Сарайшық ауданындағы көшелер бойына тал отырғызылып, маңайдың бәрі артық қоқыстардан тазартылды.

Жалпы алғанда, тазалық іс-шаралары жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл дәстүр қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастарды жауапкершілікке баулуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Ислам дінінде тазалыққа үлкен мән беріледі. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі бар. Сондықтан қоршаған ортаны да таза ұстау – әрбір адамның парызы.

Пікірлер Кіру