Елорда имамдарына арналған семинар өтті (ФОТО)

02 тамыз 2018 7401 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарына арналған «Қазіргі деструктивті діни ағымдардың доктриналық негіздері: алдын алу жолдары, оңалту шаралары» атты семинар болып өтті.

Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларының зерттеу орталығы ұйымдастырған семинар жұмысына Астана қаласындағы сегіз мешіт имамдары мен діни қызметкерлер қатысып, аталмыш тақырып бойынша пікір алмасып, өзара тәжірибе алмасты. Бүгінгі таңда халық бірлігіне сызат түсіруге талпынып, имандылық жолын іздеген албырт жастарды шырмап алған діни ағымдармен күрес шаралары, олардан жастарды қайтару жолдары талқыланып, орталық мамандарының баяндамалары тыңдалды.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Пікірлер Кіру