Елорда имамдарының онлайн сабақтарына қатысыңыз!

17 шілде 2020 4029 0
Оқу режимі

Елімізде жарияланған карантин режиміне орай қазіргі таңда ҚМДБ-ға қарасты құлшылық ордаларының қызметіне шектеу қойылғанымен, уағыз-насихат сабақтары, қайырымдылық шаралары секілді іргелі бағыттар бойынша жемісті жұмыстар атқарылып келеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында бүгінгі таңда еліміздегі ірі мешіттерде онлайн сабақтар мен Құран хатым, арнайы сабақтар кестесі түзіліп, оқырман сұранысына тұшымды жауап беріп келеді.

Осы орайда, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі де карантин режимі кезіндегі Онлайн дәрістер топтамасын қайта жандандырып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған өкілдік ұйымдастыруымен бірнеше мәрте онлайн жобалар іске қосылып, оқырман ризашылығына бөленген болатын.

Төменде көрсетілген кесте бойынша енді Елорда имамдары «Отбасы ғылымхалы», «Әдеп сабақтары», «Фиқһ дәрістері», «Сокровенные тайны Курана» (орыс тілінде), «Мұсылман міндеттері» тақырыбында тұрақты түрде дәріс жүргізетін болады. Иманыңызды күшейтіп, біліміңізді арттырғыңыз келсе, онлайн сабақтарға қатысыңыз!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру