Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті (ФОТО)

16 қыркүйек 2020 3452 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі қызметкерлерінің жалпы жиналысы болып өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтың төрағалығымен өткен жиынға Елордадағы 12 мешіттің бас имамдары мен наиб имамдары қатысып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, құлшылық ордаларындағы санитарлық тазалық жұмыстары пысықталып, келуші жамағаттың жеке бас қауіпсіздігі мен сақтық шараларына баса мән берілуі тиістігі ескертілді. Сондай-ақ, теріс ағымдармен жұмыс және қайырымдылық шаралары бағыты бойынша есептер тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.

Жиын барысында «ҚМДБ-30 жыл» жобасы аясында атқарылатын ірі шаралар жайы талқыланып, жұмыс жоспары түзілді. Бұған қоса, Елорда имамдарының уағыз-насихат жұмыстары да ортаға салынып, ғаламтор желісіндегі белсенділікті арттыру мәселесі қозғалды.

Осыған орай, өкілдік жиналысының екінші бөліміне ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов арнайы шақырылып, Елорда имамдарына әлеуметтік желілердегі жұмыс барысы түсіндірілді. Карантин шектеулеріне орай онлайн өткізіліп жатқан сабақтар мен дәрістердің маңыздылығына тоқталып, ғаламтормен жұмыстың тиімділігін арттыру жолдары айтылды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ»  айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру