Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті (ФОТО)

05 сәуір 2021 3059 0
Оқу режимі

Бүгін нұр-Сұлтан қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде Елорда имамдарының кезекті жалпы жиналысы болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әр жылдары қабылданған негізгі құжаттары жинақталған бірегей кітапты насихаттау жұмыстарына арналған алқалы жиынның келесі бөлімінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.

Жиналысқа төрағалық еткен Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік бойынша Рамазан айында атқарылатын жұмыс жоспарына шолу жасап, нақты тапсырмалар берді. Мешіттердегі сақтық және қауіпсіздік мәселелері, қайырымдылық жұмыстары, ауызашар қоржынын ұйымдастыру және тарату шаралары, өкілдік сайттары және әлеуметтік парақшалар арқылы жүргізілетін онлайн уағыз-насихат жұмыстарына жауапты мамандар бекітілді. Сөз соңында Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті айды жамағаттың барынша сауапқа толы өткізуіне белсене атсалысып, аянбай жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ, жиналыс соңында теріс ағым өкілдерімен жұмыс жүргізуде жемісті нәтиже көрсеткен екі имамға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру