ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ 15 КҮНДІК ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

17 шілде 2023 1767 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа отырысында қабылданған «Діни оңалту» бөлімінің жұмыс жоспары аясында өкілдіктер арасында мамандардың тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастыру қарастырылған болатын. Осыған сәйкес, Қызылорда облыстық «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы Әлішер Сәбитұлы Астана мешіттерінде 15 күндік тәжірибе алмасу шарасына қатысты.

Білікті ұстаз жарты ай уақыт ішінде бірнеше мешіттің жамағатымен жүздесіп, бесін-ақшам және жұма уағыздарын өткізді. Қаладағы №4 және №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен де арнайы кездесу өткізіп, насихат жүргізді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру