ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ «ПӘТУА САҒАТЫ» ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ (ФОТО)

05 мамыр 2023 1849 0
Оқу режимі

Елорда мешіттерінде   жұма күні намаздан кейін жамағатқа «Пәтуа сағатын» өткізу қалыптасып келеді. «Пәтуа сағатында» ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды жіті таныстырылады. Үрдіс бойынша бүгінгі «Пәтуа сағатында» жерлеу мәселесі және марқұмның қабірінен топырақ алып, басқа жерге бейіт тұрғызудың үкімі жайлы айтылды.

Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» мешітінде, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті, «Ырыскелді қажы» мешіті және «Көктал», «Әл-Фаттах» мешіттерінде аталған тақырып бойынша пәтуа сағаты өтіп, жамағаттың сауалдарына жауап берді. Арнайы бекітілген ұстаздар алдымен, жамағатқа  жерлеу мәселесіне қатысты бірқатар маңызды жайттар жайында ескертті. Сондай-ақ, жалпы шариғи мәселелер бойынша, әсіресе, Шәууал айының оразасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, жамағатқа пайдалы ақпарат жеткізді.

Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Пәтуа сағаты» екі тілде (қазақ және орыс) жүргізіледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру